Зарина Дияс «Ролан Гарростың» екінші айналымына қиындықсыз өтті

Зарина Дияс «Ролан Гарростың» екінші айналымына қиындықсыз өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франциядағы «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты.

Бірінші кезеңде Дияс польшалық Магда Линетті екі сетте сенімді жеңді – 6:3, 6:1.

Бір ғана сағатқа созылған матчта қазақстандық теннисші эйс жасамаса да, 9 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Енді Заринаның келесі қарсыласы Осака – Кенин жұбының жеңімпазы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или