... 65-те 35 пайыз. Геннадий мұны «әділетсіздік» деп санайды
Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Сауль «Canelo» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші матч алдында туындаған қаржылық даудың барлық мән-жайын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
«Мен жай ғана табысты тең бөлуді қалаймын. 50-де 50 қылып. Мен - чемпионмын», -дейді Головкин.
«Бірінші жекпе-жектің алдында төмен пайыздық көрсеткішпен жекпе-жек өткізуді ұйғардық. Алайда, Геннадий өз құндылығын дәлелдеген соң да, екінші шайқас алдында көптеген жеңілдіктерді ұсындық. Бірақ «Canelo» қандай да бір себептермен үлкен артықшылыққа ие болуын талап етіп отыр ... 65-те 35 пайыз. Геннадий бұл әділетсіз деп санайды. Қаржының тек 35 пайызын алу - чемпионға жасалған қиянат», - деді Леффлер.
Егер тараптар қаржы мәселесін шешсе, Головкин мен Альварес арасындағы реванш 15 қыркүйекте Мексикада өтеді.