Иван Иванов Тайбэйде топ жарды

Иван Иванов Тайбэйде топ жарды

Ядро серпуден ұлттық құрама көшбасшысы Иван Иванов Тайбэйде өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Қазақстаннан төрт спортшы барған еді. Иван Ивановтан бөлек, Анастасия Виноградова, Әйгерім Шыназбекова және Мария Овчинникова бар. Оларды бас бапкер Григорий Егоров бастап барды. Жалпы, ядро серпуге Қазақстан, Жапония, Таиланд, Филиппин және Тайбэй елінен 13 спортшы келді.

Иван соңғы рет ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысқан. Сол кезде жарақат алып, жүлдеден тыс қалған. Одан бері жерлесіміз ешқандай сайыста бақ сынаған жоқ.

Алматы облысының атлеті алты мүмкіндігін де толық пайданды. Ең алысқа сермегені – 18.90 метр. Екінші орынға жергілікті спортшы Чанг Мин Хуан тұрақтады (18.17 метр). Қола медаль жапониялық Шиничи Якунага бұйырды.

Тайбэйдегі ашық чемпионат. Ядро серпу. 

Ерлер:

1. Иван Иванов (Казахстан) – 18.90 метров;

2. Чанг Мин Хуан (Тайбэй) – 18.17 метров;

3. Шиничи Якунага (Япония) – 17.09 метров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или