Пакьяо «Канелодан» қорқатынын мойындады

Пакьяо «Канелодан» қорқатынын мойындады

Мэнни Пакьяо мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуға жүрексінген. Филиппин боксшысының осы жайлы айтқан сөзін Facebook-тегі Boxing Fans Worldwide en Español тобы жариялады. 

- Үш жыл бұрын маған "Қанеломен" жекпе-жек өткізуді ұсынды. Спортшы екенім рас, бірақ ақымақ емеспін. Мен мұндай төбелестен аман қалмауым мүмкін екенін білдім. "Канело" – өзге ғаламшардан келген боксшы, мен оны құрметтеймін, — деп атап өткен Мэнни Пакьяо. 

Айта кетейік, Boxing Fans Worldwide en Español паблигінің 14 мыңнан астам жазылушысы бар, ресурс АҚШ, Мексика және Пуэрто-Рико елдерінің испан тілді бокс сүйер қауымына арналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или