«Канелоның» промоутері Головкинді реванш өтпей қалуы мүмкін деп қорқытты

«Канелоның» промоутері Головкинді реванш өтпей қалуы мүмкін деп қорқытты

Golden Boy промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін ұйымдастыру өздерінің басты мақсаты екенін, алайда GGG келісімшартқа қол қойғысы келмесе, қол қусырып қарап отырмайтынын ескертті, деп хабарлады Prosports.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

 - Әрине, Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегін бәріміз көргіміз келеді. Алайда егер келісімшартқа қол қоймаса, мен Дэниэл Джейкобспен немесе Билли Джо Сондерспен келіссөз жүргіземін. Дегенмен GGG-ге басымдық беріледі. "Канело" қыркүйекте жұдырықтасады, — деді Де ла Хойя Villainfy Media-ға берген сұхбатында.

Головкин — Альварес реваншы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или