Осло 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуден үмітті

Осло 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуден үмітті

Норвегия астанасы Осло қаласы 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге үмітті алтыншы қала болып өтініш білдірді.

Мегаполис басшылығының хабарлауынша, мемлекет олимпиадаға дайындық барысына небәрі 5 миллиард АҚШ долларын ғана жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл сома Сочиде өтетін олимпиаданың дайындық жұмыстарына 51 миллиард АҚШ долларын жұмсаған Ресейдікінен әлденеше есе аз.

"Олимпиада - дүниежүзі атлеттері үшін мәдени, діни, жыныстық өзгешеліктеріне қарамастан бір-бірімен сайысқа түсу мүмкіндігі" деп мәлімдеді Норвегия олимпиада комитетінің басшысы Борре Рогнлин.

Ресейге келесі жылы ақпанда Сочи қаласында өтетін олимпиаданың дайындығы барысында гомосексуализмге тыйым салатын заң қабылдауына байланысты көп сын айтылған.

2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге Алматы, Стокгольм, Пекин, Краков және Львов қалалары да үміткер. Өткен жексенбіде референдумде Бавария тұрғындары Мюнхенді олимпиада өткізуге үміткер ету жоспарын қолдамады.

Олимпиада өткізуге өтініш беру мерзімі бүгін аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или