«Канелоның» промоутері Головкинмен реванш өтпеуі мүмкін екенін айтты

«Канелоның» промоутері Головкинмен реванш өтпеуі мүмкін екенін айтты

<span>Golden Boy промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін ұйымдастыру өздерінің басты мақсаты екенін, алайда GGG келісімшартқа қол қойғысы келмесе, қол қусырып қарап отырмайтынын ескертті.</span>

- Әрине, Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегін бәріміз көргіміз келеді. Алайда егер олар келісімшартқа қол қоймаса, мен Дэниэл Джейкобспен немесе Билли Джо Сондерспен келіссөз жүргіземін. Дегенмен GGG-ге басымдық беріледі. «Канело» қыркүйекте жұдырықтасады, - деді Де ла Хойя Villainfy Media-ға берген сұқбатында.

Головкин — Альварес реваншы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или