Рахат Нүрпейісов: «Дычко боксты тастап кетсе өкінішті болады»

Рахат Нүрпейісов: «Дычко боксты тастап кетсе өкінішті болады»

Білікті бокс маманы Рахат Нүрпейісов әлем чемпионатында Дычко мен бапкерлерінің жіберген қателігі турасында және әлемнің үздік жаттықтырушысы кім екенін айтып, боксшылардың қайсысына ой жетіспейтіндігі жайлы сыр шертті.

- Дычко туралы айта кетсек. Бұл тұрғыда ең басты қателік бапкерлерден кетті. Нокдаун алған кезінде-ақ кездесуді тоқтату керек-тұғын. Жекпе-жектің бас төрешесі жайлы айта кеткен жөн, ол АИБА ережесіне сәйкес жібермейтін қатені жіберді. Дычко нокдаунға түскен кезде матчты жалғастыра алмайтыны көрініп тұрды, төреші керісінше кездесуді жалғастыруын дұрыс көрді. Ақыры Меджидов Дычконы ауыр нокаутқа құлатты. Оң жылдай төрелік етіп жүрмін. Өзімді бұл салада шебер маман деп айта аламын, меніңше ирландық төреші бұл жерде үлкен қателік жіберді. Алдында да айтқан болатынмын. Дычконы бабына келтіру үшін, бір-екі жыл қажет. Дегенмен, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Алайда, бәрін енді бапкерлердің өздері шешеді. Бірақ боксты тастап кетсе әрине өкінішті болады. Кезінде Іргебаев сөйтіп ауыр нокаутқа түсіп, үлкен спортпен қош айтысқанын білеміз.

Қазақстандық төрешілердің үйренетіні көп. Жай ғана шаршы алаңда жүрмей, мұқият қазылық ету керек. Төреші біріншіден білікті, тиянақты болуы тиіс. Екіншіден орыс пен ағылшын тілін білуі қажет. Көптеген төрешілерімізге білім жетіспейді.

Үздік бапкер деп бірдей төрт әлем чемпионың; Елеусінов, Әлімханұлы, Ақшалов пен Жақыповты жаттықтырған бапкерді айта аламын.

КСРО мен халықаралық АИБА деңгейдегі спорт шебері, жас жұлдыздарды қайдан іздеп табуға болатыны жайлы:

- Аса ауыр салмақта Кособуцкийдан басқа боксшы жоқ дейді. Ол - өтірік. Нағыз мықтылар жастар құрамасы мен жасөспірімдер арасында. Көптеген біз білмейтін ауылдарда жоян жұдырықты боксшылар жүр. Артаев, Сәпиев, Ермахан Ыбрайымов пен Бекзат Саттархановтар ауылдан шыққан. Солар секілді көптеген жас таланттарымыз бар. Бірақ белгіссіз себептермен біз оларды үлкен ареналардан көрмей жүрміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или