Головкин допингке қарсы бағдарламаға тағы қатысады
Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA, WBC, IBF, IBO чемпионы Геннадий Головкин Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) жыл бойы жалғасатын бағдарламасы аясында допинг-тест тапсыруын жалғастырады.
«VADA Геннадий Головкиннің 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін допингке қарсы бағдарламаға қайта қатысады», - делінген агенттіктің Туиттердегі парақшасында.
15 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші кездесуін өткізуі мүмкін. Бұған дейін допинг қолданғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген мексикалық боксшы да VADA-ның бағдарламасына қосылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или