Головкин тағы бір белбеудің иегері атанады

Головкин тағы бір белбеудің иегері атанады

Жақын арада Геннадий Головкин тағы бір чемпиондық белбеудің иегері атанады.

Маусымның басында қазақстандық боксшы Р4Р-чемпионы белбеуін алады. Оған бұл белбеу Hollywood Fight Night бокс кешінде табысталмақ.

Бұл туралы The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер айтты.

«Біз келесі Hollywood Fight Night-қа белбеу дайындап жатырмыз. Оны рингтің үстінде не салмақ өлшеу кезінде Головкинге табыстаймыз», - деді Фишер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или