Астанада триатлоннан әлем кубогының жеңімпазы анықталды
Астана қаласында триатлоннан әлем кубогының бірінші күні аяқталды.
Кеше ерлер мен әйелдер арасында кәсіпқой атлеттер сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Елорданың мерейтойына арналған жарысқа әлемнің әр түкпірінен 130 атлет қатысты.
Байрақты бәсекені бұрымдылар бастады. Алайда арулар ерке Есілге түсе алмады. Күннің суығынан спортшылар жүзген жоқ. Бірден жүгіріп кетті. Бұны дуатлон дейді. 5 шақырым жүгіру, 40 шақырым велосипед тебу, кейіннен тағы да 10 шақырым жүгіру. Бұл қашықтықты бірінші болып 1 сағат 57 минут 14 секунда франциялық Сандро Додэ бағындырды.
- Жеңемін деп ойламадым. Жүзуге жақсы жаттыққанмын. Біз команда болып бірге жүріп отырдық. Сондықтан болар, бірінші келдім. Екінші болып мәре сызығын жерлесім Эмили Морье кесті, - деді жарыс жеңімпазы, француз спортшысы Сандра Додэ.
Түс ауа күн жылынып, дуатлон триатлонға айналды. Бірақ судың салқындығынан жігіттер 1 жарым шақырымның орнына 750 метр ғана жүзіп шақты. Қазір жігіттер велосипедке отырып, 40 шақырымдық жолға шықты. Содан кейін олар 10 шақырым жүгіріп өтулері тиіс. Әлем кубогы Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Дүбірлі додаға 38 елдің атлеттері қатысып, бақ сынасты. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 3 спортшы қорғады.
Ерлер арасында ресейлік Дмитрий Полянскийдің асығы алшысынан түсті. Екінші орынға – Австралияның, ал үшінші орынға Францияның атлеттері көтерілді.