Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырамын деп нақұрыс атанды

Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырамын деп нақұрыс атанды

Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс өзінің Daily Bread Mailbag айдарында мексикалық Хайме Мунгуйяның (29-0, 25 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) өтпей қалған жекпе-жегіне қатысты түсініктеме берді.

Мунгуйя Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасуға ниет білдірген болатын, алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мұндай жекпе-жектерге тәжірибесі жеткіліксіз екенін алға тартып, оның кандидатурасын бекіткен жоқ. Геннадий оның орнына америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал Хайме америкалық Садам Әлимен (26-2, 14 КО) жұдырықтасып, бірінші орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуін тартып алды.    

"Мунгуйя қысқа уақыт ішінде әр түрлі салмақ дәрежесінде екі жекпе-жекті қабылдады. Ештеңені дәлелдемеген 21 жастағы жігітті GGG-ге қарсы қою не оның командасында нақұрыстар жиналғанын, не олар боксшының бойынан әлдебір ерекше қасиетті көргенін білдіреді. Ал кейін ол Әлимен жұдырықтасуға келісіп, оны ұрып жықты. Әлемдегі боксшылардың 99%-ы бұл екі мүмкіндікті пайдаланбаған болар еді. Бірақ бұл жігіт оны жасады. Лотерея ойнамасаң, ұтпайсың. Мунгуйя ержүрек қана емес, мықты екенін дәлелдеді", — деп жазды автор.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или