Испандық теннисші допинг дауына ілікті

Испандық теннисші допинг дауына ілікті
<p> <strong>Испан теннисшісі Нурия Льягостера-Вивес допинг қолданғаны үшін спорттық бәсекелерден екі жылға шеттетілді.</strong></p> <p> 33 жастағы, жұптық рейтингтегі үздік ойыншылардың арасында 40-ыншы орындағы спортшының ағзасынан метамфетамин табылған. Ол мұның қайдан пайда болғанын түсіндіре алмады. Нурия Льягостера-Вивестің жарыстан шеттетілуі 2015 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады, деп хабарлады "Спортбокс".</p> <p> Еске сала кетейік, Льягостера-Вивес жұптық дәрежеде WTA турнирінің он алты дүркін жеңімпазы болып табылады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или