Нұрзат Сабыров мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Нұрзат Сабыров мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

<span>Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qsport.kz</span>

<span>Нұрзат Сабыров кезекті жекпе-жегінде мексикалық нокаутер Роландо Парадэспен (13-6-2, 10КО) қолғап түйістіреді. 26 мамыр күні Канада елінде өтетін Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткен кездесу 6 раундқа жоспарланып отыр. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын болады. </span>

<span>Айта кетейік, бұл Нұрзаттың шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен жеңген болатын. Сондай-ақ бұл кеште сынға түскен Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или