Басқа

Мәскеу соты Асаубаеваның ісіне қатысты күтпеген үкім шығарды

Мәскеу соты Асаубаеваның ісіне қатысты күтпеген үкім шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеулік сот Уругвайда өткен чемпионатта электронды нұсқаушы қолданды деп күдіктелген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның қуынымын қанағаттандырмады.

Бұл туралы НТВ телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында ресейлік бапкер Евгений Соложенкин шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында электронды нұсқаушы қолданды деген пікір айтқан еді. Мұнан кейін шахматшы қыз өзін айыптаған бапкерге жауап берді. Өз кезегінде Бибісараның абыроайын қорғау үшін, іс қозғалған еді.

Кеше, 18 мамырда, Мәскеудің Басман соты ешкім күтпеген үкім шығарды. Шахматшы қыздың өзі сот отырысына келген жоқ. Оның қызығушылықтарын қорғаушы Александр Добровинский қорғады. Өз кезегінде, ол сот үкімі шыға салысымен аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сот тергеуі кезінде чемпионаттан кейін Асаубаеваның қарсыласы болған Лиза Соложенкинамен бір ұшақта болған куәгер Нестеровтен жауап алынды.

Куәгер Лизаның бұл оқиғаны өз әкесі әрі бапкер Евгений Соложенкин ойдан құрастырғанын мойындағанын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер