Головкиннің промоутері көптен күткен кездесуге қатысты пікір білдірді

Головкиннің промоутері көптен күткен кездесуге қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер үшінші SuperFly бокс кешін ұйымдастырумен айналысуда. Бұл кезедсуді ол Лос-Анджелесте 8 қыркүйек күні өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Бұл жолы ақпан айындағыдай басты кездесуге тайландық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО) мен мексикалық Хуан Франсиско Эстрада (36-3, 25 КО) шығады. Олардың бірінші кездесуінде төрешілердің басым дауыс беруімен тайландық боксшы жеңіске жеткен болатын. Осылайша ол ең жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігін қорғап қалды.  </span>

<span>«Оңтүстік Калифорния өкілдері бұл кездесуді асыға күтуде. Сол себепті біз бокс кешін осы жерде, Лос-Анджелесте өткіземіз. Бұл жекпе-жекті мұнда барлығы көргілері келеді. Алғашқы кездесу «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына басты үміткерлердің бірі болатын. Осыған қарай барлығы да осы спортшылардың алаңға шыққанын күтіп отыр»,-деді Леффлер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или