Регбидан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Регбидан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Алып шаһарда Қазақстан регби федерациясының бірінші президенті Төлеубек Абдықадыровты еске алуға арналаған «Алтын Сопақ» атты регби 7-ден Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

«Авиатор» стадионында балалар мен жасөспірімдер арасында өткен ойындардын нәтижесінде өз жастары бойынша ұлдар арасында БЖСМОР-1 (Талдықорған) - 2003-04, Олимп - 2005-06, Талдықорған - 2007-08, жеңімпаз атанса, қыздардан біріншіо рынға Алматы - 2003-04, Олимп - 2005-06 және Астана - 2007-08 ие болды.

- Ойыннан алған әсерім тамаша. Финалда талдықорғандықтардан ұтылып қалдық. Екінші орында жаман емес, былтыр алтын алған болатынбыз. Қарсыластарымыз мықты болды, бізге ауызбіршілік жетіспеді деп ойлаймын, - деп өз ойымен Алматы ойыншысы (2003-04) Руслан Шаймухаметов бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медал, дипломдармен, ал, үздік ойыншылар доптармен мараппатталды. Олар: үздік қорғаушылар Бахрам Халметов (ОҚО), Дариға Әмірбекова (Астана); үздік ойыншылар Александр Галушкин мен Алена Дробовская (екеуіде Алматы); үздік шабулшылар Олег Гусев (Алматы облысы) пен Гүлім Бахытбек (Талдықорған).

Айта кетер жайт, бұл чемпионатқа еліміздің әр аймағынан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген 38 команда қатысқан болатын. Олар Халықаралық регби федерациясының ережесіне сәйкес (World rugby) ойын өткізіді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или