Әлем чемпионатының төрешісі өмір бойы төрелік ету құқығынан айырылды

Әлем чемпионатының төрешісі өмір бойы төрелік ету құқығынан айырылды

Биыл Ресейде өтетін Әлем чемпионатында қызмет етеді деп бекітілген төреші Аль-Мирдасиді Сауд Арабия футбол федерациясы өмір бойына ойынға төрелік ету құқығынан айырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұған дейін белгілі болғандай, Сауд Арабиясы Король кубогының финалындағы «Аль-Файсали» және «Аль-Иттихад» матчына төрелік еткелі тұрған жерінен Аль-Мирдаси тексеруге алынған болатын.

Бұған себеп, ол осы ойынның нәтижесіне әсер еткісі келген. «Аль-Иттихад» клубының басшысынан ақша талап еткен. Егер сұраған ақшасын берсе матчты аталған команданың пайдасына шешіп беретінін айтқан.

Ал клуб жауаптысы бұған келіспей, қажетті дәлел-айғақтарды Сауд Арабия футбол федерациясына тапсырып берген.

Сауд Арабия футбол федерациясы FIFA-ға Аль-Мирдасиді Әлем чемпионатына қызмет ету құқығынан айыруды талап етіп, өтініш жазды.

32 жастағы төреші енді өмір бойы футбол матчтарына төрелік ете алмайды.

Айта кетейік, Аль-Мирдаси 2017 жылы Конфедерация кубогы мен 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қазылық еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или