VADA Канелоны жыл бойы допингке тексереді

VADA Канелоны жыл бойы допингке тексереді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Халықаралық антидопингілік агенттікпен (VADA) келісімшартқа отырды.

Бұл туралы Golden Boy Promotions президенті Оскар Де ла Хойя хабарлады. Енді VADA бір жыл бойы Канелодан сынамалар алып тұрады.

Естеріңізге салсақ, WBC ұйымы Сауль Альваресті «Таза бокс» бағдарламасына енбегені үшін өз рейтингісінен алып тастаған болатын.

Ақпаннан бастап Канело допинг-сынамасы үшін алты айға жазаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или