P4P рейтингісінде Ломаченко Головкиннен озып кетті

 P4P рейтингісінде Ломаченко Головкиннен озып кетті

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей үш дүркін әлем чемпионы Василий Ломаченконың (11-1, 9 КО) салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингіде Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) озып кеткенін түсіндірді. 

«Әртүрлі салмақ дәрежесінде чемпион атанудың абыройы жоғары. Менің ойымша, Ломаченко P4P рейтингісінде көш бастауға лайықты, себебі оның жекпе-жектері жойқын өтеді. Небәрі 12 жекпе-жек өткізген ол үш салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Сонымен қатар ол өз дивизионындағы ең мықтылармен шығады. Головкиннің соңғы он екі жекпе-жегінде әр түрлі боксшылар болды", - деген Джей. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или