Головкин - Мартиросян кездесуінің андеркартында жұдырықтасқан боксшылардың сыйақылары белгілі
6 мамырда Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян кездесуінің андеркартында жұдырықтасқан боксшылардың гонорары анықталды.

Осыған дейін жекпе-жек үшін Головкиннің бір миллион доллар табыс тапқаны және Мартиросянның 225 000 доллар сыйақы алғаны айтылды.
GGG үшін бұл соңғы үш жылдағы ең төменгі гонорар.

Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен норвегиялық Сесилия Брекхус (33-0, 9 КО) 50 мың доллар, ал оның қарсыласы Кали Рейс (13-7-1, 4 КО) - 20 000 доллар алды. Райан Мартин (22-0, 12 КО) - 25 мың доллар, қарсыласы Брейдис Прескотт (31-13, 22 КО) - 10 мың доллар алды.

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы бокс кешінде өнер көрсеткен басқа да спортшылардың гонорарын жариялады. Қазақстандық Руслан Мадиев (12-0, 5 КО) пен оның қарсыласы мексикалық Хесус Перес (21-1, 16 КО) - екі мың АҚШ долларын алды.

Брайан Себальо (2-0, 1 КО) мен Нэм Фан (3-6, 2 КО) - алты мың және үш мың АҚШ долларын алды. Джесси Родригеске (6-0, 4 КО) - үш мың доллар, ал Армандо Васкес (25-22-1, 6 КО) 1200 доллар берілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или