Спортшыларымыз джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында топ жарды

Спортшыларымыз джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында топ жарды

<span>Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Панамада өткен әлем чемпионатында топ жарды.</span>

<span>Комбат джиу-джитсудан сынға түскен отандастарымыздың барлығы финалға шығып, тек 2 спортшымыз ғана күміс жүлдені місе тұтты. 77 келіде сынға түскен Ерлан Тілеумбетов қарсыластарынан бір бас жоғары екенін дәлелдесе, Нұрлан Тілеумбетов аса ауыр салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ Асу Алмабаев пен Темірлан Айсадилов өз салмақтарының үздіктері атанды. Ал Төлеген Атақұлов пен Исламхан Қани күміс жүлдеге ие болды. </span>

<span>Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте ешкімге дес бермей, бас жүлдені жеңіп алды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или