Қанат Ислам: Шаршы алаңға қашан шығатыным осы аптада белгілі болады
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ҚазАқпарат тілшісіне алдағы уақытқа жоспарланған жекпе-жегі туралы айтты.
<span>«Өздеріңіз білесіздер, осыдан біраз күн бұрын танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуды бастаған болатынмын. Қазір АҚШ-та алдағы айқасыма дайындығымды пысықтап жатырмын. Алла қаласа осы аптада нақтылы кіммен және қашан шаршы алаңға шығатыным белгілі болады. Негізі, жекпе-жекті тамыз айында өткізу жоспарланған еді. Одан бері де болып қалуы мүмкін. Қандайда бір өзгерістер болса, сіздерге алдын ала хабарлайтын боламын», - деді Қанат Ислам. А</span>
<span>йта кетейік, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары отандасымыз алдағы тамыз айында жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) кездесуі мүмкіндігін жазуда. Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген: 27 рет жеңіске жеткен, оның ішінде 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Төр рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен.</span>