Жаңа әлем чемпионы Головкин - Альварес рематчының жеңімпазымен кездеспек

Жаңа әлем чемпионы Головкин - Альварес рематчының жеңімпазымен кездеспек

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (29-0, 25 КО), бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын америкалық Садам Әлиден (26-2, 14 КО) тартып алған соң айтулы жекпе-жек өткізбек болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Осы жеңісінен соң Мунгия кез келген боксшымен айқасуға әзір екенін айтып, қыркүйек айында өтуі мүмкін Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчының жеңімпазымен рингке шығу үшін  орта салмаққа ауысатынын жеткізді. </span>

<span>Еске сала кетейік, Мунгия Головкинмен 5 мамырда кездесуі де мүмкін еді. Бірақ Невада штатының Атлетика комиссиясы оның кандидатурасын мұндай ірі жекпе-жектерде жинаған тәжірибесі аздығын сылтау етіп қайтарған болатын. Нәтижесінде Геннадий америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или