ESPN сарапшысы: Головкин аса танымал емес

ESPN сарапшысы: Головкин аса танымал емес

ESPN журналисі Дэн Рафаэль сайттағы сұхбатында Головкиннің танымалдылығы туралы айтты деп хабарлайды, espn.com сайты.

<span>— </span>Мен Головкинді аса танымал деп айтпас едім. GGG өткен аптада 8 мыңдық аренаны жинай алмады. Ия, өз елінде танымал, бірақ «тым алысқа кетпейік», - дейді <span>ESPN сарапшысы.</span>

Естеріңізге сала кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO орташа салмақ нұсқасындағы әлем чемпионы Головкин 5 мамырда Карсондағы StubHub орталығында Ванес Мартиросянды жеңіп шыққан болатын.

Қазақстандық боксшы өзінің жиырмасыншы рет атағын қорғап, аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын қайталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или