Елеусінов кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Елеусінов кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

<span>Қазақтандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізіп, ұтты, </span>деп хабарлайды 24.kz сайты

Төрт раундтық жекпе-жектегі оның қарсыласы 26 жастағы америкалық Джован Джон (2-4-1, 0 КО) болды. Стоун-Маунтинде (АҚШ, Джорджия штаты) "Legacy Garden Park and Event Center" ойын-сау кешенінде өткен жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Дәурен карьерасында жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралған Дәурен Елеусінов 6 сәуір күні АҚШ-тың Индиана штатында өткен бокс кешінде америкалық Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген еді.

Айта кетейік, Дәурен Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы.

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или