Владимир Кличко боксқа қайта оралуы мүмкін

Владимир Кличко боксқа қайта оралуы мүмкін

Ауыр салмақ бойынша бокстан бұрынғы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко  кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін, деп хабарлады BoxingScene.com.

<span>«</span>Ешқашан "ешқашан" айтпаңыз, бәрі өзгереді.  Мен қайырымдылық жасайтын сәт келген кезде, боксқа қайта оралам. Бұл спортта 27 жыл болдым. Мен көп нәрсені үйрендім, бүкіл әлемге саяхат жасадым. Тіпті осындай жетістіктерге жетемін деп ойламадым. Мен кейбір есіктер жабылғанда, басқалары ашылатынын түсіндім. Спорт, шынымен, таңғажайып нәрсе<span>»,</span> - дейді Кличко.

Естеріңізге сала кетсек, экс-чемпион 2017 жылы  британиялық боксшы Энтони Джошуадан жеңілгеннен кейін спорттық мансабының аяқталғанын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или