Сатыбалдинова кәсіби бокстағы алғашқы чемпиондық титулын алды
<span>Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) белдігі үшін Мексикада жекпе-жек өткізді.</span>
<span>Оның қарсыласы 18 жастағы мексикалық боксшы Аннетт Пабелло болды. Бұл қарсыласымен Сатыбалдинова кәсіби рингте бұған дейін де жұдырықтасып, ұпай айырмасымен жеңген болатын. </span>
<span>Осы жолы қазақстандық боксшы қыз басқа қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз қарсыласы кездесуден бас тартыпты. Оның орнына Пабелло қайта шықты. Жекпе-жек сегіз раундқа жалғасып, төрешілер бір ауыздан жеңісті Сатыбалдиноваға берді.</span>
<span></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или