Шүменовтің кешінде Snoop Dogg пен 50 Cent ән шырқайды
7 шілдеде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысты қосымша ақпараттар шықты.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бейбіт Шүменов Хизни Алтункаямен жұдырықтасады.
Кештің жүргізушісі ретінде әлемге танымал ринг-анонсер Майкл Баффер бекітілген. Сонымен қатар, елордада өтетін кешке Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй және Хорхе Линарес сынды әлемнің бұрынғы және қазіргі чемпиондары қатысады.
Ал жекпе-жектер арасында жанкүйерлерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін танымал әншілер де шақыртылған. Мысалы, әлем жлдыздары Snoop Dogg, 50 Cent пен Тимати кешті әнмен әрлемек. Сонымен қатар, қазақстандық Қайрат Нұртас та осы кеште жанкүйерлерге ән шырқайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или