Әлем чемпионатының басты фавориті кім
Букмекерлік кеңселер биыл жазда Ресейде өтетін әлем чемпионатының басты фавориттерін анықтады.
Букмекерлердің болжамынша, әлем чемпионатын ұтып алу мүмкіндігі Бразилия құрамасында жоғары. Неймар мен оның командасына 5 коэффициент ұсынылған.
Ал қазіргі әлем чемпионы Германия сол жетістігін биыл да қайталайды деп ойласаңыз, 5.5 коэффициентке бәс тігуге болады.
Бумекерлердің пікірінше, әлем чемпионаты болуға үміткерлердің қатарына Испания (7 кф), Франция (7.5 кф) және Аргентина (10 кф) кіреді. 2016 жылғы Еуропа чемпионы Португалияға ұсынылған коэффициент – 25.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде арасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или