Маурисио Сулейман: Головкин мен Альварес қыркүйекте жұдырықтасуы керек

Маурисио Сулейман: Головкин мен Альварес қыркүйекте жұдырықтасуы керек

WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі қыркүйекте өтуі тиіс.

«Бәрі қыркүйекке келіп тіреліп тұр. Жанкүйерлер осы жекпе-жекті көргісі келеді. Кездесу қыркүйекте өтуі тиіс. Бұл дәл қазір бокстағы ең үздік жекпе-жек шығар. 5 мамырда Мартиросянға қарсы кездесуден кейін Головкинмен сөйлестім. Оған чемпиондық белбеу ұнаған. Сол кеште ол үлкен жұмыс атқарды», - деді Сулейман.

Естеріңізде болса, Головкин соңғы жекпе-жегінде Ванес Мартиросянды екінші раунда нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или