Елеусіновтің алғашқы жекпе-жегі «батыл дебют» деп бағаланды

Елеусіновтің алғашқы жекпе-жегі «батыл дебют» деп бағаланды

Америкалық тілші қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінен ерекше қасиетін байқапты.

 – Маған Елеусіновтің сол қолымен соққы жасардың алдында, қолғаптарын бір-біріне ақырын соғатыны ұнайды. 147 фунт шамасындағы салмақ дәрежесінде қарсыластарына әжептәуір проблема туғызатын жігіттің алғашқы жекпе-жегі батыл дебют болды, — деді тілші Том Крэйз BadLeftHook.com басылымына.

Қазақстандық боксшы, Риодағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткен бокс кешінің аясында жекпе-жекке шыққан болатын. Кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Кидд болды (3-0-1, 2 КО).

Жартылай орташа салмақ бойынша өткен алты раундтан тұратын кездесу үшінші раундта техникалық нокаутқа байланысты Елеусіновтің пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или