Рафаэль Надаль құмды корттың королі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді
<span>Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль құмды корттың королі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды 24.kz</span>

<span>Испан теннисшісі Мадридтегі мастерсте кезекті рекордты жаңартты. Надаль үшінші айналымында аргентиналық Диего Шварцманмен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Бұл Надальдың грунттағы 21-жеңісі және ол қатарынан 50 сетті жеңіспен аяқтады. 31 жастағы теннисші атақты Джон Макинройдың 1984 жылғы рекордына түзету енгізді. Америкалық спортшы 49 сетте өз мықтылығын дәлелдеген болатын. Мадрид Мастерсінің ширек финалында Надаль австриялық Доминик Тиммен ойнайды. </span>
<span>Рафаэль Надаль, әлемнің бірінші ракеткасы: – Шынымды айтсам, мен рекордтар туралы ойламаймын. Спорттағы мансабымды аяқтаған соң ғана жеке жетістіктерді еске алатын шығармын. Ал қазір қиын кездесуде мықты қарсыласымды жеңгеніме қуанып тұрмын. Келесі Доминик Тиммен өтетін ойын да оңай болмайды. Себебі оның соққыларынан кейін доптың ұшу бағытын қадағалау өте қиын.</span>