Альварестің промоутері Головкиннің бапкері туралы жағымсыз пікір білдірді
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Абель Санчес туралы жағымсыз пікір қалдырды.
<span>Ол «Канелоның» екі рет допинг сынамасынан құлағанына қатысты Геннадий Головкиннің бапкері сынай беретінінен мезі болғанын айтты, – деп хабарлайды allboxing.ru. </span>
<span>«Абель – нашақор, ол бізді айыптаймын деп не болса соны айтып жүр. Ол не болып жатқанын өзі де білмейді және оның айтқандарының барлығы нақты емес. Бос сөз сөйлей бергенше, жекпе-жек ұйымдастырайық», – деді Гомес. Сонымен қатар ол Том Леффлермен Головкин-Альварес екінші жекпе-жегін ұйымдастыру жайында сөйлескенін айтты. «Біз дайынбыз. Ол шарттарды біледі, бірінші жекпе-жектегі шарттар секілді, тек аз ғана өзгерістер енгізіледі. Қазіргі уақытта мен оның қоңырауын күтіп отырмын. Біз асықпаймыз, алайда шыдамның да шегі бар. Біз барлығын осы айдың соңына дейін шешуіміз қажет», – деді ол.</span>