Альварес тамыз айында Ковалевпен кездеседі

 Альварес тамыз айында Ковалевпен кездеседі

Жартылай ауыр салмақтағы  WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды, деп хабарлайды Qsport.kz.

<span>Ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев келесі кездесуін колумбиялық боксшы Элейдер Альвареске қарсы өткізетін болды. Кездесу 4 тамыз күні Атлантик-Сити қаласында өтеді деп жоспарланған. </span>

<span>Элейдер Альварес — кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, оның бірде-біреуінде жеңіліс таппаған. Оған қоса, 11 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Сергей Ковалевтің қоржынында 35 жекпе-жек бар. Оның 32-сінде ресейлік боксшы жеңіске жетсе, екеуінде ұтылып қалған. Бір кездесуінде төрешілер тең аяқталды деп шешкен. 35 жастағы боксшы соңғы жекпе-жегін 3 наурыз күні өзіңің отандасы Игорь Михалкинге қарсы өткізіп, 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. </span>

<span>Элейдер Альвареске қарсы 4 тамыз күні өтетін жекпе-жекте Сергей Ковалев жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или