Головкин Канеломен жекпе-жек өткізгеннен соң Деревянченкомен жұдырықтасады
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер келесі аптада Golden Boy Promotions компаниясымен мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы келіссөзді бастамақ.
ВoxingNews24 сайтының мәліметі бойынша, Том Леффлер Golden Boy Promotions компаниясынан бөлек IBF ұйымымен міндетті жекпе-жектің өткізу уақытын кейінге шегеру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Осыдан екі апта бұрын Халықаралық бокс федерациясы Геннадийді Сергей Деревянченкоға қарсы жұдырықтасуға міндеттеген болатын. Ұйым GGG 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекті өткізгеннен соң 90 күн ішінде украиналық боксшыға қарсы кездесу IBF белбеуін қорғау қажет деп белгілеген.
Егер отандасымыз 3 тамызға дейін келісімге келе алмаса, Головкин чемпиондық титулынан айырылады. Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясы ұйымына Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізгеннен соң украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға дайын болатынын мәлімдеген.