«Канелоның» командасы Головкиннің талабына жауап берді
- Егер Головкиннің командасы осыны қажет етсе, біз бас тартпаймыз. Альварес бұған дейін де осылай жасап келді. Әрбір жекпе-жек алдында солай болатын. Бұл жолы да солай болады, – деді «Golden Boy Promotions» команиясының президенті Эрик Гомес Boxingscene.com сайтына берген сұқбатында.
Альварестің допинг туралы дауынан соң оның шашына дейін тексерген еді. Бірақ шашынан«кленбутеролдың» ізі табылған жоқ.
Невада штатының атлетикалық комиссиясы Альваресті жекпе жекке 21, 15 және 3 күн қалғанда допинг тесттен өтуге міндеттеді. Бірақ бұл талап спортшыға кедергі бола алмайды. Өйткені, боксшы сол күндерді есептей отыра допингтен оңай өте алады. Сол себепті Головкиннің командасы Альварестің үнемі сынама тапсыруын талап етуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или