Америкалық боксшы GGG-ге Канелоны қалай ұтуға болатынын айтты

Америкалық боксшы GGG-ге Канелоны қалай ұтуға болатынын айтты

Америкалық боксшы Остин Траут қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін рематч туралы пікірін айтты.

ESPN телеарнасының эфирінде Траут Альваресті қалай ұтуға болатынын айтып, Головкинге кеңес берді.

«Канело корпустан жасалған соққыларды ұнатпайды. Егер Головкин алғашқы жекпе-жекке қарағанда корпуспен көбірек жұмыс істесе, жеңіске жетеді. Адамдардың бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Головкин де, Канело да осыны қалайды. Бұл кездесу келесі мамырда емес, осы қыркүйекте өтеді деп үміттенемін. Геннадий жасармайды ғой, сондықтан рематч ертерек өткені жақсы», - деді Траут.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или