Головкин рекордтарды жаңартуда
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының рингке тезірек оралуға дайын екенін айтты.
Ванес Мартиросянды ауыр нокаутқа жібергеннен кейін Геннадий титулдарды қорғау бойынша Бернард Хопкинспен теңесті – орта салмақта чемпиондық белбеуін 20 рет сәтті қорғады. Nielsen Media Research ақпаратына сүйенсек, Головкин мен Мартиросян жекпе-жегін НВО телеарнасынан 1 249 000 адам тамашалаған. Бұл соңғы екі жылдың рекорды саналады.
Оның үстіне, жекпе-жек StubHub аренасына сатылған билеттер саны бойынша да рекорд жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Головкиннің 2014 жылы Марко Антонио Рубиоға қарсы жекпе-жегіне тиесілі болатын.
Геннадий StubHub-тан бөлек, The Forum, Madison Sadison Square және O2 Arena сынды ареналарды толтырған еді.
«Головкин орта салмақ чемпионы болса да, соққысы ауыр салмақ боксшысына ұқсас. Ол рекордтарды жаңартуын жалғастыруда. Бұл әлі басы ғана. Геннадий рингке мүмкіндігінше жылдам оралуға дайын», - дейді Том Леффлер.