Головкин: Альварес – жалғыз таңдауым емес

Головкин: Альварес – жалғыз таңдауым емес

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рематч өткізу туралы пікірін айтты.

«Алғашқы жекпе-жекте Альваресті ұттым деп санаймын. Мен үздікпін деп ойлаймын, менде барлық белбеу бар. Бірақ тек Канелоға ғана назар аудармайық. Басқа да мықты боксшылар бар – олар қаржылық тұрғыда мен үшін ең үздік таңдау емес шығар... Бірақ Канело – жалғыз таңдау емес. Басқа да боксшылар бар, оларға да мүмкіндік беру керек. Сондықтан, Канело туралы ғана айтпайық. Бұл салмақта тек Альварес қана емес», - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин мен Канело алғаш рет былтыр 16 қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер кездесуді тең есеппен аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или