Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуінің нақты уақыты аталды

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуінің нақты уақыты аталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің командасы келесі аптада кездесу өткізіп, алдағы қарымта кездесуді талқылайды деп күтілуде.

Бұл туралы <span> Stan.kz</span>-ке сілтеме жасап <span> Prosports.kz</span><span> </span>хабарлайды.

Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі Мексиканың Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, яғни 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда. Қазақстандықтар үшін бұл күн 16 қыркүйекке сәйкес келеді.

Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» бұған дейінгі жекпе-жегі де осы күні өткізілген еді.

Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жұдырықтасып, 2 раундқа созылған жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или