Серік Сәпиев бұрынғы қарсыласымен кездесті
<span>Бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Голливудта украиндық боксшы, әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы Тарас Шелестюкпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап. </span>
<span>Сәпиев өзінің Инстаграмдағы парақшасында АҚШ-қа жасаған турнесінен Шелестюкпен бірге түскен суретін жариялады. «Рингтегі қарсыласыммен, өмірдегі досыммен. With friend», - деп жазды Серік суреттің астына. Тарас Шелестюк Серік Сәпиевті Бакудегі Әлем чемпионаты - 2011 финалында қазақстандықты жеңіп, оның үш дүркін әлем чемпионы болуына мүмкіндік бермеген еді. Қазір украиналық боксшы кәсіби бокста бағын сынап жүр. Ол WBO NABO титулын иеленді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или