Теннис: Михаил Кукушкин әлемнің 8-інші ракеткасына есе жіберді

Теннис: Михаил Кукушкин әлемнің 8-інші ракеткасына есе жіберді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Мадрид турнирінің екінші айналымында әлемнің 8-інші ракеткасы, оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

<span>Аса тартысты өткен матчты сәтті бастаған, әлемдік рейтингте 96-ыншы орында тұрған М.Кукушкин бірінші партияда 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда К.Андерсон 7:3 есебімен таразы басын аудара білді. Үшінші, шешуші партияны оңтүстікафрикалық теннисші 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Осылайша іріктеу сайыстарынан кейін негізгі турнирге қосылған Михаил Кукушкин әлемнің 8-інші ракеткасын ұта алмады. </span>

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Мадрид турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или