ESPN Deportes-тің мәліметінше, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері екі боксшы арасында өтетін күздегі рематчты талқылайды.
Кездесу 15 қыркүйекте ұйымдастырылады. Яғни сенбі күні, Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай. Осылайша, қазақстандық көрермендер үшін рематч көрсетілімі 16 қыркүйекте болады.
Трипл Джи мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталғанын еске саламыз.