Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

АҚШ-та Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі кабельді теледидардағы қаралымы бойынша 2018 жылдың рекордын орнатты.

Бұл туралы vringecom басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі кабельді теледидар көрермендерінің саны бойынша рекорд орнатты. Жекпе-жекті орташа есеппен 1, 249 миллион адам тамашалаған. Көрермендердің максималды саны 1,361 миллион адамды құрады.

Головкин  мен Мартиросянның жекпе-жегі қаралымы бойынша ауыр салмақтағы боксшылар Уайлдер мен Ортистің жекпе-жегінен асып түсті.

Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жұдырықтасып, 2 раундқа созылған жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или