«Астана арландары» мен «British Lionhearts» командалары Шеффилдте кездеседі

«Астана арландары» мен «British Lionhearts» командалары Шеффилдте кездеседі

<span>Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» — «British Lionhearts» жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды.</span>

<span>Алғашқы кездесу 17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтеді. Ал қарымта кездесуді 26 мамырда Атыраудағы «Жайық» спорт кешені қабылдайды.</span>

<span>Айта кетейік, Щвецарияның Лозанна қаласында тартылған Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалының жеребесі бойынша «Арландар» жартылай финалда Ұлыбританияның British Lionhearts командасымен кездесетін болған. Қос команда арасындағы алғашқы жекпе-жек 17 мамыр күндері өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или