Головкин жыл соңына дейін неше жекпе-жек өткізгісі келеді?
WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин тұрақты түрде рингке шығуға ниетті.
«Ол белсенді болып қалғысы келеді. Биыл тағы екі жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты», – дейді Головкиннің промоутері Том Леффлер.
Айта кетсек, Халықаралық бокс федерациясы Головкинді украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеген еді. Керісінше жағдайда федерация қазақстандық боксшыны чемпион белбеуінен айырмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или