Мен үшін Альварес – «фальшивка»
WBC, WBA, IBF, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық "Haute Living" люкс журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды hauteliving.com сайты
Танымал басылым боксшының эксклюзивті сұхбатын жариялады. Журналдың редакциясы қазақстандық боксшыны «сабырлы, бірақ ең қауіпті», – деп атады.
«Мен кәсіби спортшымын. Шоумен немесе клоун емеспін. Мен үшін бокс ең бірінші кезекте. Содан кейін ғана бизнес. Мен көне мектеп менталитетін ұстанамын. Альварес зарарлы етті жеді дегенге сене алмаймын. Біздің команданың қатты көңілі қалды. Мен дайындалдым, ынтамен жаттықтым. Мен үшін Альварес – «фальшивка». Онымен өткізген бірінші жекпе-жек өте қызықты болды. Мен «Канелоны», оның стилін білемін. Ол – Мексикадан шыққан супержұлдыз. Бірақ мен – чемпионмын, ал ол – номер екінші. Альваресті біржолата жеңгім келеді. Мен үшін Саульды бір рет және тағы да бір рет ұрса жеткілікті. Ол байсалды болса. мен одан бетер байсалдымын және үздік екенімді білемін. Соны халыққа көрсеткім келеді. Мен – нағыз чемпионмын. Мені сол үшін де барлығы есте сақтайды деп ойлаймын», – деді Головкин сұхбатында.
Головкиннің дизайнері Bijan-ның (әрі жақыг досы) GGG киімдерін сататын арнайы дүкені Beverly Hills бутигінде орналасқан. Зығыр мақта және жібек матадан тігілген спорттық киіммен шаршы алаңға шығатын боксшының айтуынша, бұл үлкен бренд. «Менің брендім - GGG бірінші сыныпта және жоғары сапада» дейді ол.
Дизайнер Bijan және GGG бірнеше жыл бұрын Мухаммад Әлидің қайырымдылық іс-шараларында кездесуден кейінгі ерекше достыққа ие болған. Олардың бір-біріне деген өзара құрметі бар екені анық. « «Біз оның киімдерін тігеміз, өйткені ол джентльмен, кішіпейіл, ол өте талантты және, әрине, шынайы чемпион. Бұл біз үшін үлкен құрмет », - дейді Николас Биджан.
«Геннадий - кішіпейіл». Жанкүйерлері де, жақын достары да, отбасысы да GGG-ды осылай сипаттайды. Дүниедегі ең қауіпті ерлердің бірі деп санаса да, ол ең қарапайым. Бұл тұтастай бір әлемге жігер беретін жан, бірақ әсіресе бокс әлемінде дейді әйгілі журнал.
Сонымен қатар журнал Головкинмен фотосессия ұйымдастырды.




