Де ла Хойя: Головкиннің Альваресті кінәлауы күлкілі естіледі
Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойяның пікірінше, WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен қорқады екен.
«Соңғы допинг-сынамалар теріс нәтиже көрсетті, сондықтан Геннадийдің Саульді кінәлауы күлкілі естіледі. Головкин Альвареске қарсы кездесудің соңғы үш раундын ұмытқан жоқ. Осы естелік Геннадийге жағымсыз эмоциялар береді. Сондықтон, ол өзі нокаутқа түсіре алмаған Сауль жайында осындай сөздер айтады», - деді де ла Хойя.
Айта кетейік, 6 мамырда Головкин америкалық Ванес Мартиросянды ұтқан болатын. Ал Сауль Альварес допинг дауына байланысты алты айға жазаланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или