Михаил Кукушкиннің Мадрид турниріндегі қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкиннің Мадрид турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
<span>Дүниежүзілік рейтингте 96-ыншы орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 73-інші ракеткасы, испаниялық Роберто Карбальес Баэнамен ойнайды.</span>
<span>Егер оны жеңген жағдайда әлемнің 8-інші ракеткасы, оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен шеберлік байқасады.</span>
<span>Бұл айтулы додаға әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надаль бастаған маңдайалды теннисшілер қатысуда.</span>
<span>Еске сала кетейік, кеше жүлде қоры 7,4 млн АҚШ долларынан асатын Мадрид турнирінде іріктеу сайысының финалында М.Кукушкиннің әлемнің 71-інші ракеткасы, сербиялық Виктор Троицкиді жеңіп, негізгі жарысқа жолдама алғанын, ал әйелдер арасында Зарина Диястың алғашқы айналымда Пуэрто-Рико елінің өкілі Моника Пуигтен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз. </span>